Қолы алтын құрылысшы
Таластық Шахаевтар әулеті ауыл-аймаққа шешендігімен, тапқырлығымен, ақындығымен жақсы таныс. «Шахаевтардың айтқаны» деген әзіл әңгімелер ауыл тұрғындарының аузында жүреді.
13 бала сүйген Шәкірат ақсақал мен Шолпан әжей әр ұл-қызын ерте жастан еңбекке баулып өсірген. Бүгінде берекелі шаңырақтың 3 ұлы құрылыс саласында еңбек етуде. Өсіп-өнген әулеттің кіші баласы Рауанның алдыңғы буын ағаларынан үйренгені көп. Рауан да бауырларының жолын қуып, бүгінде құрылыс саласынан ризығын тауып жүр.
Рауанға үйінің сыртын майда тастармен көмкертіп, қаптатқан жандар да еңбегін бағалап, өз пікірін білдірген болатын.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ,
Талас ауданы