Брифинг

Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің қатысуымен «Түзету мекемесіндегі сотталған азаматтардың еңбегін ұйымдастыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Ерлан Ділдәбекұлының айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша, қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 5 мекемеде еңбекке жарамды 985 адам жұмыспен қамтылған.

Мәселен, «Теңізбаев» жеке кәсіпкерлігі №59 мекеме аумағынан былғарыдан аяқкиім тігу учаскесін ашып, жұмысын бастапты. Кәсіпкер №25 мекеменің өндіріс аумағына аяқкиім тігуге арналған ғимарат салып, 85 аяқкиім тігу машинасын алған. Сонымен қатар жеке кәсіпкер «Алматов» та аталған мекеменің өндіріс аумағында 2 қабаттан тұратын, 250 сотталған азаматты ақылы жұмыспен қамтитын тігін цехын ашуға ұсыныс білдіріпті. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ