Жамбыл облысында жаңа су қоймасы салынады
Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салу және 76 каналды жөндеу жоспарланып отыр,деп хабарлайды arainfo.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық аясында Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 76 канал мен жұмыс істеп тұрған 1 су қоймасы жөнделеді.
Атап айтқанда, Байзақ ауданында - 18 канал, Талас ауданында – 1 канал, Сарысу ауданында – 11 канал, Меркі ауданында – 1 канал, Шу ауданында – 45 канал қалпына келтіріледі. Ал, Қордай ауданындағы Қарақоңыз су қоймасына реконструкция жасалады. Байзақ ауданында жаңадан Ақмола су қоймасы салынады.
Су қоймаларын реконструкциялау және салу 9300 гектар жерге су беру сапасын жақсартады. Ал, 76 каналды жөндеу облыстағы 24,7 мың гектар егіс алқабын сумен жабдықтауды жақсартады.