Журналистика – жастар көзімен
Тараз қаласындағы «Достық» үйінде облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатысуымен «Жаңа толқын» жобасы аясында «ProMediа 2.0» тақырыбында іс-шара өтті.
Жиынға спикер ретінде шақырылған облыстық «Jambyl» телеарнасының журналисі Риналь Рахматуллин қатысып, журналистика саласының қызығы мен шыжығы туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар басқосуда блогер, сюжетмейкер, мобилография сарапшысы, Яна Муравьева «Бейненің 7 құпиясы: түсірілімнен баспаға дейін» атты шеберлік сабағын өткізді. Бұдан өзге жастар семинар барысында «Стратегиядан нәтижеге дейін: кезең-кезеңімен тиімді маркетинг» атты SMM маманы, маркетолог, таргетолог Евгения Калашникованың шеберлік сабағына да қатысты.
Элизат ҚОНЫСБАЙ,
«Қоғамдық келісім»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің
«Ақпараттық жұмыс және
қоғаммен байланыс»
бөлімінің жетекші
сарапшысы