Эковолонтерлер қатары көбейіп келеді
Кеше Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза өлке» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға экология саласының мамандары, колледж студенттері қатысты.
Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркеповтің сөзінше, жыл басынан бері қала бойынша 100-ге жуық жас эковолонтер болып тіркелген.
Басқосуда сөз алған Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ПЦК оқытушысы Гүлжанат Оразымбет «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын айта келіп, қоршаған ортаға жанашыр болуға үндеді.
«AR-AI»-ақпарат