Қостанайда зейнеткер интернет алаяқтарға 21 млн теңгеге алданған
Қостанайда зейнеткер 21 млн теңгеден астам шығынға ұшырап, алаяқтық схеманың құрбаны атанды, деп хабарлайды arainfo.kz
Әйелге бұрын жұмыс істеген ұйымның басшысынан арнайы қызмет тексеруі туралы «WhatsApp» желісінен хабарлама келіп түскен. Кейінірек өзін қызметкер ретінде таныстырған адам банктен ақпараттың таралуын тергеу үшін қаржылық көмек қажет екенін айтқан.
Алаяқтар әйелді қорқытып, ол 21 млн теңгеге екі банктен несие алған. Ақшаны курьер арқылы беруін талап еткенде, әйел бастапқыда бас тартқанымен, террористік ұйымды қаржыландырды деп күдікке ілінуі мүмкін екенін айтып қорқытып, ақшаны тапсырған.
Қазір полиция аса ірі алаяқтық бойынша тергеу жүргізуде және азаматтарды алаяқтардың айла-шарғыларына ұрынбауға шақырады.