Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады,деп хабарлайды arainfo.kz
Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.