«Қазақ рухының кесек тұлғасы» атты еске алу кеші өтті
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының иегері Мұхтар Мағауинге арналған әдеби нобат форматында еске алу кешін ұйымдастырды,деп хабарлайды arainfo.kz
Шара барысында жазушының «Тазының өлімі» брайль қаріпіндегі кітабының тұсаукесері өтіп, кітапхана оқушылары қонақтарға сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді. Кеште Мұхтар Мағауиннің кітаптары мен мақалаларымен танысу мүмкіндігі болды, сондай-ақ қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқылып, арнау айтылды.
Іс-шараға зиялы қоғам өкілдері Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы, Мұқашев Темірбай Әлиұлы және Бақытжан Махашұлы қатысты.