Жаңалықтар

Маңғыстау облысында балабақшада балалар астан уланып қалды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылындағы балабақшада балалар жаппай уланып қалған,деп хабарлайды arainfo.kz

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, оқиға 31 қаңтарда сағат 20:13-те болған. Жаңаөзен қаласының "Қызылсай" ауылынан жедел жәрдем қызметіне іш ауыруы бойынша тұрғындардан шақырту түскен. Дәрігерлер 37 адамды қарап шығып, олардың 4-еуі ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 ересек адам және 3 бала бар. Қалған 33 адамға амбулаториялық емделу ұсынылып, үйлеріне жіберілді.

Қазіргі таңда балабақша жабық, ал уәкілетті органдар жағдайды тексеру жүргізуде.