«МАРФОН СИНДРОМЫ» НЕМЕСЕ ӨРМЕКШІ САУСАҚТАР
«МАРФОН СИНДРОМЫ» НЕМЕСЕ ӨРМЕКШІ САУСАҚТАР
Ауру белгілері: қолдың өлшемі мен пішіні басқа адамдармен салыстырғанда өзгеше болады. Нақтырақ айтқанда, саусақтары алақанымен пропорционалды түрде байланыспай, шамадан тыс ұзын, болмаса, иілген болады. Сондай-ақ саусақтары тым жіңішке келеді. Негізінде бұл ауруға «медициналық сараптаманы» сүйек-бұлшықет жүйесінің жай-күйін бағалау ортопеді жүргізеді, болмаса, невропатолог, кардиолог, офтальмолог дәрігерлерден кеңес алуға болады. Егер де адамда арахнодактилия ауруы анықталса, диспансерлік бақылауда болады. Сондай-ақ түрлі массаж жасалып, санаторийлік-курорттық емделуге жіберіледі. Себебі ем-дом кеш жүргізілетін болса, тірек-қимыл жүйесі ақауы мен көз аурулары пайда болады. Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесіне де әсер беруі мүмкін. Сол үшін де терапияны уақытында бастау – басқа аурулардың алдын алып, науқастың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Адам еркін қимылдап, әрекет етуі үшін қол-аяқтың сау болуы маңызды. Алайда ауру айтып келмейді демекші, дерт алдында қашанда дәрменсіз екеніміз ақиқат. Бірақ дер кезінде жасалған әрекет аурудың алдын алатынын естен шығармаған жөн.