Жұмыссыз қазақстандықтар үшін жұмыс табу бойынша көмек: Не істеу керек?
Career Enbek сайтында жұмыссыз азаматтардан кәсіптік біліктілігін тану үшін ваучерлер алуға өтінімдер қабылдау басталды,деп хабарлайды arainfo.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз азаматтардан кәсіби біліктілігін тану үшін жолдама алуға өтініш қабылдауды бастағанын хабарлады. Бұл бастама жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, азаматтардың кәсіби дамуын қолдауға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Өтінімдерді өңдеуді және консультациялық қолдауды барлық кезеңдерде еңбек мобильділігі орталықтары жүргізетін болады.
Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі. Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды, бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді. Ваучер алу үшін азаматтың ресми «Жұмыссыз» мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.
Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.