Жастар

Антисептик шашатын робот

Кез келген вирустың таралуының алдын алудың ең қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдерінің бірі – қолды сабынмен және сумен жиі жуу. Осы орайда Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейдің 7 «А» оқушылары Абат Әмірхан және Байұзақ Жанайым «Ақылды антисептик» роботын жасап шықты.

Мeктепке келген оқушылар мен ұстаздар қолдарын автоматтандырылған антисептик қондырғысына жақындатқан кезде антисептик сұйығы шашылады.

Әмірхан мен Жанайым осы жобамен «Ұлы өнертапқыштыққа қадам» инновациялық идеялардың қалалық байқауында «Өндіріс саласындғы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша І орынды иеленді. Сондай-ақ 2-7-сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Лаура МҰСАЕВА,
№3 мектеп-лицейдің
информатика пәнінің мұғалімі,
Тараз қаласы