Ассамблея жастары аянып қалмайды
Күнделікті қала тазалығын қамтамасыз ететін жұмысшылардың ерен еңбегі қандай құрметке де лайық. Бұл тұрғыда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жастары қала тазалығына жауапты еңбек адамдарына құрмет көрсету мақсатында жыл сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Дәстүрлі іс-шара биыл да жалғасын тауып, аймақтық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенділері коммуналдық қызметкерлерге бауырсақ пен ыстық шай үлестірді.
Игілікті іске ұйытқы болған «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қайырымдылық акциясы арқылы адамдарды мейірімділікке, жанашырлыққа және еңбегі ауыр, қызметі елеусіз қалатын жұмысшы мамандық иелерін құрметтеуге үндегісі келетіндіктерін жеткізді.
Айта кетейік, бірлестік жастары қайырымдылық іс-шараларына белсенді атсалысып, үлес қосудан қалыс қалған емес.
Толғанай АТАБАЙ,
облыс әкімдігі ақпарат және
қоғамдық даму басқармасы
«Қоғамдық келісім» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
жетекші сарапшысы