Брифинг

18 898 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық әділет департаментінің басшысы Нұрғали Есіркепұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикер департаменттің 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Бүгінгі таңда облысымыз бойынша 260 адвокат бар. Әділет департаменті 146 адвокатпен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасаған. Келісім нәтижесінде есепті кезеңде 18 898 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген.

Сонымен қатар Нұрғали Андасов ісі сотқа өткен алимент төлеушілер туралы да сөз қозғады.

Оның ішінде 110 659 589 теңгені құрайтын 5 426 атқарушылық іс жүргізу айыппұлдың төленуіне байланысты қысқартылған. Қазіргі таңда жеке сот орындаушыларына 255 528 950 теңгені құрайтын 12 032 атқарушылық құжат өткен. Робот сот орындаушысы арқылы жеке тұлғалар жеке сот орындаушысының қызметіне төлейтін 27 664 897 теңгесін үнемдеген.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ