Экономикалық мамандар білімінің сапасы – оқыту нәтижесі
Бүгінгі күні Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында лайықты іс-шаралар атқарылуда. Осындай стратегиялық міндетті шараларды орындау барысында халықаралық талаптарға сәйкес елімізде жоғары білім беру жүйесін дамытудың лидері ғана емес, сондай-ақ қоғамның, білімнің, экономикалық инновациялардың дамуына елеулі үлес қосатын еліміздегі жетекші ірі оқу орны –Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің орны бөлек. Еліміздің экономикасын көтерер болашақ экономист мамандарды дайындау ісіне зор үлес қосып жүрген «Экономика және басқару» кафедрасысының жетістіктерімен бөлісіп өткенді жөн көрдік.
Факультет оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік бағыттарда білім беру қызметін үнемі бірге алып жүреді. Бүгінгі таңда факультет құрамында «Экономика және басқару», «Қаржы және есеп» кафедралары бар.
Факультетте 30-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Оның ішінде үш PhD, екі ғылым докторлары, оннан астам ғылым кандидаттары мен онға жуық ғылым магистрлері бар. Сонымен қатар қосымша қызметте өндіріс орындарынан және сала бойынша мемлекеттік мекеменің білікті мамандары жұмыс жасайды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы әрдайым ғылыми-зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік басылымдарда жариялап отырады.
Факульттің профессорлық оқытушылық құрамында «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» елімізге белгілі ғалымдар Жарас Қуатбеков, Мұрат Нұрғабылов, Қарлығаш Тастанбекова, Ақмарал Сарсенованың, Елдос Есперов секілді өз саласының нағыз мамандары білім береді. Тәжірибелі оқытушылардың қазіргі таңға дейін «Scopus» базасына кіретін бірнеше мақалалары жарияланып, Хирш рейтингтерін, яғни ғалымның жариялау белсенділігі мен ықпалын бағалауға арналған библиометриялық көрсеткіштерін үнемі дамытып отырады.
Институтымыздың ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында факультеттің профессор-оқытушылар құрамы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын ғылыми жобалар конкурстарына қатысып тұрады. Атап айтқанда, 2023-2024 оқу жылы 3 маманымыз Жарас Куатбеков, Мұрат Нұрғабылов, Қарлығаш Тастанбекова АҚШ консулдығының арнайы грантының иегерлері атанды. Осылайша гранттық қаржыландыру аясында АҚШ-ның «Небраска-Линкольн Университетімен» бірлескен жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар факультете «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдама өтіп келген 2 оқытушыларымыз бар. Нақтылап өтеск, «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Жанар Саркулова Болгария мемелекетінде 1 жылдық тағылымдамадан өтсе, «Экономика және басқару» кафедрасының доценті, PhD докторы Мұрат Нұрғабылов Болгария мемелекетінде 6 айлық тағылымдамадан өтіп біліктілігін арттырды.
Кафедра оқытушылары жыл сайын тың ақпараттар мен мәліметтерге толы ғылыми еңбектер жазып, монографиялар жарыққа шығарып отырады. Сабақта экономиканың әртүрлі салаларында цифрлық құралдарды қолданып, ерекшеліктерімен таныстырды. Институтта жыл сайын әр мереке алдында оқуда, ғылымда, білімде жетістіктерге қол жеткізген ұстаздарды салтанатты түрде алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталып тұрады. Факультет деканы Жарас Қуатбеков Қ.Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасына ие болса, Марат Баяндин, Ғали Исақов, Қарлығаш Тастанбекова сынды мамандарымыз Ахмет Байтұрсынов атындағы медалімен марапатталғанын мақтанышпен айта аламыз.
Факультет өзінің жігерлі, белсенді студенттерімен де мақтана алады. Факультетте дайындалып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша аудиториялар, зертханалар, әдістемелік кабинеттер бар. Факультеттің барлық оқытушылары ғылыми зерттеулер мен айналысады және ұлттық және халықаралық ғылыми конференцияларда, журналдарда мақалалар жариялайды, түрлі студенттік ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, жарыстарға, сондай-ақ өңірлік, республикалық, халықаралық жарыстарға, спорттық жарыстар мен сыйлықтарға ие. Бізде Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдерден келген шетелдік студенттер, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе қалаларынан келген ұл-қыздар білім алуда.
«Экономика және басқару» кафедрасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті арасында серіктестік келісім шарт жасалынған. Ынтымақтастық аясында 2023 жылдың 2 қазанында «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» базасында құрылған «Таланттар пулы» жобасы аясында институттың бітіруші студенттермен кездесті. Мемлекеттік қызметке іріктеуге қатысу үшін белсенді және талантты жастарды тарту мақсатында жасалған бұл жобаның негізгі мақсаты, іріктеу тәртібі және талаптары туралы мәліметтермен бөлісті. Сол секілді оқу ордасы студенттерді дуалды оқытуды қамтамасыз ету мақсатында «Кардиохирургия және трансплантология» ғылыми-клиникалық орталығымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осыған сәйкес ғылыми-клиникалық орталықтың экономисті, PhD докторы Д.Сапаралиев болашақ қаржыгерлерге дуалды оқыту бойынша дәріс оқиды.
Өткен жылдың 19 қаңтарында «Экономика және бизнес» факультетінің ұйымдастырылуымен «Жұмыс берушілермен байланысты нығайту мақсатында іс-шаралар жоспарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Семинарға түрлі бизнес өкілдері мен басқармалар басшылары, оның ішінде «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» жауапкершіліг шектеулі серіктестігінің экономисті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің өкілі қатысты. Сондай-ақ 2023 жылдың 7 сәуірінде оқу орнында жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері арасында «Әрекет – 2023» бизнес-бастау жобаларының республикалық байқауын өтті.
Айта кетерлігі, 2023-2024 оқу жылы әлемдік «Coursera» білім беру платформасында онлайн курстар арқылы 10 аса оқытушылар мен 25 аса студенттер қосымша білім алды.Факультетте 12 білім беру бағдарламаллары бойынша оқыту жүзеге асырылады: бакалавриат – 5, магистратура – 7. Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша: «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент: Адам ресурстарын басқару», «Қаржы», «Есеп және аудит»салаларында мамандар даярлайды. Магистратура білім беру бағдарламалары бойынша «Экономика» (1 жылдық – бейіндік бағыт бойынша және 2-жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт ), «Мемлекеттікжәнежергіліктібасқару»(1 жылдық – бейіндік бағыт бойынша және 2-жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт ), «Менеджмент: Адам ресурстарынбасқару»(1 жылдық – бейіндік бағыт бойынша және 2-жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт ), «Қаржы» (2-жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт) мамандықтар бойынша оқытылады.
Факультет түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 70 пайызды құрайды. Білімгерлеріміз қызметке тұра алмай қалған жағдайда топ кураторлары студенттерге «Электрондық еңбек биржасына» мемлекеттік ақпараттық порталы жайлы ақпаратты кеңестер беріп отырады. Сөз соңында қаржылай сауатты, білікті мамандарды дайындау ісінде әлде де белсенді бола түсетінімізді айта кеткім келеді.
Жанар МАХАШЕВА
«Экономика және басқару» кафедрасының
Сеньор-лекторы