Жамбыл жаңалықтары

Жәрдемі мол жәрмеңке

Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

«Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Серік Әлібековтың айтуынша, алдағы уақытта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіледі.

Жәрмеңкеге келушілерге орталық мамандары жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастарды жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыру, кадрлар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Жәрмеңкеге қатысқандардың бірі – Батырбек Жақыпов.

Жәрмеңкеге қала аумағындағы 25 жұмыс берушіден 180 бос жұмыс орны ұсынылды. Ал іс-шараға 97 жұмыссыз адам қатысып, жұмыс берушілермен сұхбаттасып, 17-сі жұмысқа орналасты. Оның ішінде 15-і тұрақты жұмысқа тартылса, екеуіне «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жолдама берілді.

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ