Қазақстанда британиялық Белфаст Корольдік университетінің филиалы ашылады
Қазақстанда Ұлыбританияның жетекші оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылды,деп хабарлайды arainfo.kz.
Британиялық Белфаст Корольдік университеті Қазақстанда филиал ашып, ғылыми-зерттеу бойынша ынтымақтастық орнатқалы отыр.
Сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім беру технологиялары саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Лондонда тараптар өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды.