Ертіс өзенінде суретке түспек болған әйел мұз астына түсіп кетті
Павлодар қаласында Ертіс өзеніндегі мұз ойылып, 1994 жылы туған әйел суға түсіп кеткен,деп хабарлайды arainfo.kz.
Құтқарушылар дереу жетіп, оны судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Белгілі болғандай, әйел жұқа мұзға сүретке түсу үшін шыққан, бірақ мұз сынып, суға құлаған. Құтқарушы Данил Соловей мұзға шықпау керектігін ескертті, себебі ауа райы мұздың құрылымын тұрақсыз етеді. Ол тұрғындарды өз өмірі мен жақындарын қорғауға шақырды.