Жаңалықтар

Былтыр шетелде жасырынып жүрген 67 азамат ұсталып, елге жіберілген

Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізіліп, 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы қаралды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бас Прокурор Берік Асыловтың сөзінше, халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты нығайту қамтамасыз етілді, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау және қылмыскерлерді ұстап беру жөніндегі жұмыс жалғастырылды.