Қоғам

Ұстанымы бөлек ұста

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Бұл бастама республиканың экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын, халықтың өмір сапасын жақсартатын маңызды сала – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды мақсат етеді.

Ел арасында құрметке ие, қарапайым еңбек өкілінің бірі – ұста Абзал Шымыр. Жақында заманауи пештерді жөндейтін ұста, жылу жүйесін, жылы еден жүргізетін шебермен кездесіп, сөзге тартқан едік.

Осы орайда ойға бір сұрақ оралып, оны іркіп қала алмай: «Жастардың мамандық таңдауындағы қателік дейміз бе, жылына көп қаражат төлеп, әке-шешесіне салмақ салып, нәтижесінде дұрыс маман болып шықпай жатқанын көріп қаламыз», – деп, одан әрі сөзін сабақтай түсуін күттік.

Расында, ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда.

Ол бұл кәсіпке өз қызығушылығымен келген нағыз маман. Жастар осындай тірлікте епті болса, қай мамандықтың егесі болса да ел ішінде сыйлы, табысты болатыны анық. «Жұмыс қиын екен» деп бастаған істі орта жолда тастап кетуге болмайды. Ер-азаматтың қолынан іс келуі жақсы нәрсе. «Орыс біледі» деген ойдан арылып, жастарды еңбекке баулудың маңызы жоғары. Абзал айтпақшы, қазақта расында да бір жаман әдет бар. «Әй, осының қолынан келер ме екен, құртады ғой бұл» деп, іске бел шеше кіріскен баласының өзіне сенім артудың орнына күмәнданып, жалтақ қылып тастайды. Өзге ұлт өкілдері баласы 16-ға толса болды, оған зор сенім артып, тірлікке бейімдейді.

Мақсат БЕГІЛДӘ,
Тараз қаласы