Терроризмге қарсы күрес бойынша жиын өтті
Күні кеше Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің офицері С.Қ. Мәденнің төрағалығымен кезекті жиын өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Басқосуда «Ведомствоаралық және өзара хабардар ету жүйесін тиісті деңгейде жетілдіру, ақпараттарды кешіктіру деректерін болдырмау мақсатында, террористік қатерлер туралы келіп түскен мәліметтерді қабылдау және дұрыс ақпарат беру тәртібі туралы» мағлұмат берілді.
Терроризм актісі туралы немесе оны жасауға дайындық туралы сигнал түскен жағдайда ҚАЖ департаменті мен оған қарасты мекемелердің жедел кезекшілерінің бірінші кезектегі іс-әрекеттері туралы нұсқаулық жүргізілді және бейнероликтер көрсетіліп, жадынама таратылды.