Құрылыс сапасы қатаң бақылауда
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Ұлы дала» ықшамауданында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап, сапасын тексерді.
Айталық, қазір мұнда көпқабатты 22 үй бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде мемлекеттік құрылыс саласындағы келісімшартқа сәйкес 2025 жылға өтпелі болған 13 үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Ықшамауданды аралау барысында шаһар басшысы құрылыс сапасына салғырт қарап, белгіленген кестеден кешігіп жатқан мердігер компаниялардың жұмысын сынға алды.
Әрине, бұл тұрғыда аулаларды күтіп-ұстау мәселесі де туындайтыны сөзсіз. Қала әкімі бұған да екпін түсіріп, айрықша атап өтті.
Бұдан кейін шаһар басшысы үйлердің жертөлесіне түсіп, жылу жүйелерін тексеріп, тұрғындармен тілдесті.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы