Брифинг

Облыс соттары өткен жылды қорытындылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Баспасөз мәслихатында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева баяндама жасады.

Жомарт Қауасұлының айтуынша, өткен жылы облыстағы бірінші сатыдағы соттармен 21 277 іс өндіріспен аяқталса, оның ішінде 12 005 іс шешім шығарумен қаралған.

Қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау нәтижелеріне тоқталған Нұрмұхаммад Әбидов соңғы жылдары соттар қараған істер санының төмендеу тенденциясы байқалғанын атап өтті. Мәселен, 2024 жылы 1 461 сотталушыға қатысты 1 220 қылмыстық іс үкім шығарумен қаралған. Баяндамашы өз сөзінде алқабилердің қатысуымен қаралатын істерге қатысты өзгерістерге де тоқталды. Алқабилердің қатысуымен өткен жылы 16 қылмыстық іс қаралған.

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ