Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады
Қазақстанның халық жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхат жолдады,деп хабарлайды arainfo.kz.
Ақорданың мәлімдеуінше,Жеделхатта Президент Төлен Әбдіктің сұхбатындағы ой-толғамдарды жоғары бағалап, оның ұлттық руханиятқа қосқан үлесін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев әдебиетіміздің дамуына қатысты айтылған сын-пікірлер мен жас ұрпаққа берген ақыл-кеңестерін орынды деп санайтынын білдірді.