Жаңалықтар

5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге тыйым салынады

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, деп хабарлайды arainfo.kz.

Polisia.kz мәлімдеуінше,оларды пайдалану үшін:

  • полицияда тіркелу;
  • А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
  • техникалық тексеру; азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.

Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін); мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары. Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.