Шудағы шаттық
Жуырда Шу ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 8 азамат үш бөлмелі баспанаға ие болды. Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін алға тартты. Іс-шараға мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерболат Досымбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің жетекшісі Мелс Бейсембаев пен өңірдің бас имамы Алмас Кенжемолдаев қатысты.
Ең алғашқы құттықтау сөзді алған Ерболат Әбдіжапарұлы қуаныш иелеріне арнап ізгі тілегін жеткізсе, Мелс Нысанбайұлы қариялық лебізін білдірді. Аудан басшысы жаңа қоңыс иелерін қуаныштарымен құттықтап, аймақта атқарылып жатқан жұмыстар мемлекеттік қолдаудың арқасында екенін атап өтті.
Мұнан соң меймандар пәтер кілттерін арманы орындалған отбасыларға тапсырды.
Сәні мен сәулеті келіскен баспаналар әлеуметтік осал топтар санатына жататын отбасылар мен көпбалалы аналарға берілді.
Байжан ЕМБЕРДІ,
журналист,
Шу ауданы