Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы ұлттық мектеп ашылады

Қазақстанда дарынды балаларға арналған «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебі ашылады,деп хабарлайды arainfo.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңа білім ошағы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл» іс идеясына негізделеді. Оқу процесі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған. Ол үшін Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толық көлемде қолданылады.

 Айта кетейік, жаңа білім ошағының құрылысы былтыр қараша айында басталған еді. Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушы орнына арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған. Білім ұйымын 2026 жылы қолданысқа беру жоспарланған.