Қоғам

Асау үйрететін жігіттер азайып кетті

Құрметті оқырман, естеріңізде болса, газетіміздің былтырғы 20 желтоқсандағы нөмірінде жарық көрген «Бәйгенің бағы неге бәсеңдеді?» атты мақаламыз жарық көрген еді. Онда кейінгі жылдары ел ішінде бәйгеге шабатын шабандоз жеткіншектердің азайып бара жатқанын мәселе етіп көтерген болатынбыз. Арада көп уақыт өтпей редакциямызға Талас ауданынан Ықылас Болатұлы есімді оқырман хабарласты. Ұлттық спортқа байланысты өзекті мәселені жазғанымызға ризашылығын білдірген оқырман басқа да бірқатар ойы мен ұсынысын ортаға салды.