Облысымыз инвестиция тарту бойынша үздік үштікте
Облысымыз инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте. Бұл туралы сауда және инвестициялық саясат жөніндегі сарапшы Ернар Серік хабарлайды. Оның айтуынша, еліміздің инвестициялық қоржынында бүгінгі күні жалпы сомасы 34,3 триллион теңгені құрайтын 769 жоба бар.
Инвестиция тарту бойынша Астана (123 жоба, 2,3 триллион теңге), Шымкент (62 жоба, 432 миллиард теңге) және Жамбыл облысы (49 жоба, 2,6 триллион теңге) көш бастап тұр.
Елімізде отандық және шетелдік инвесторлар жобаларын іске асыруда. Оның ішінде Қазақстан – 621 (18,7 триллион теңге), Қытай – 35 (3,1 триллион теңге), Ресей – 31 (5,9 триллион теңге), Түркия – 30 (1,6 триллион теңге), БАӘ 7 (2,2 триллион теңге) жобаны қолға алған.
Сарапшының пікірінше, инвестициялық пулда қазақстандық компаниялардың басым болуы ішкі бизнестің дамып келе жатқанын көрсетеді.
«AR-AI»-ақпарат