Жаңалықтар

Тараздағы түзеу мекемесінен қос азамат босатылды

Қазіргі таңда елімізде қолданыстағы Қылмыстық-атқару Кодексінің 167-бабына сәйкес, жазасын өтеуден босатылатын адамдарға белгілі бір деңгейде көмек көрсетіледі, деп хабарлайды arainfo.kz.

 Нақтырақ айтқанда, дәл осы баптың санкциясы бойынша қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылатын адамдар өздері таңдаған тұрғылықты жерлеріне немесе жұмыс орнына дейін тегін жол жүрумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жол жүргенде тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіледі.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған 46 жастағы азаматқа аталған бапқа сәйкес көмек берілді. Жалпы, ер адам Алматы аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің 188-бабы, 4-бөлігінің 3-бөлімімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.
 
Бұдан бөлек, аталған түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты тараздық азамат та еркін өмірге жолдама алды.