Ұлттық банк валюта айырбастау ережелеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр
Қазақстанда валюта айырбастау пункттерінде сатып алу және сату бағамдарына жаңа шектеулер енгізілмек,деп хабарлайды arainfo.kz.
Ұлттық Банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма қаулысының жобасы әзірледі.
Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.