Жаңалықтар

Қазақстан тағы да Орталық Азиядағы ең мықты әскері бар ел деп танылды

Global Firepower 2025 жылға арналған әлем елдерінің әскери күш-қуатына қатысты рейтингін жаңартты, деп хабарлайды arainfo.kz.

Қазақстан Орталық Азияда ең мықты әскерге ие ел ретінде танылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Global Firepower әлемдік әскери рейтингінде 57-орынға көтеріліп, аймақтағы әлеуеті ең жоғары мемлекет атанды. Өткен жылмен салыстырғанда еліміздің позициясы бір сатыға жоғарылаған.

Қазақстаннан кейін Өзбекстан 58-орында, Түркіменстан 77-ші, Қырғызстан 105-ші, ал Тәжікстан 108-ші орынды иеленді.

Әлемдік деңгейде АҚШ әскерінің қуаты бірінші орында, Ресей екінші орынға жайғасқан, ал Қытай үздік үштікті қорытындылап тұр.

Global Firepower рейтингі бірнеше жыл бойы жарияланып келеді. Рейтингте 145 елдің әскерлері әртүрлі 50-ден астам параметр бойынша бағаланады. Бұл параметрлер арасында армияның және басқа да әскерилендірілген күштердің саны, қаржыландыру деңгейі, мемлекеттердің географиялық орналасуы, қару-жарақ түрлері, белсенді және резервтегі әскерлердің саны сияқты аспектілер маңызды орын алады.