Қазақстандықтар енді аттестаты мен дипломын цифрландыра алады
Бұл жөнінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті,деп хабарлайды arainfo.kz.
Енді eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді. Онда азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді.
Қызметті пайдалану үшін:
- kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» - «Білім» бөлімін таңдау керек;
- «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;
- «Білім туралы құжаттар туралы ақпаратты цифрландыру» қызметін таңдап, білім туралы құжаттың түрін көрсетіп, құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу керек;
- қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.