Жаңалықтар

2025 жылдан бастап 600 мың қазақстандықтың жалақысы 20 пайызға өседі

2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі, деп хабарлайды arainfo.kz

2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыруды тапсырды.

2022-2025 жылдары арасында бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар және басқа мамандардың жалақысы орташа есеппен 20%-ға өседі.

Бұл шара 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіні қамтып, олардың жалақысын 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.