Жаңалықтар

17 жастағы теннисші әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына енді

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте үздік бестікке енді,деп хабарлайды arainfo.kz

Olympic.kz-тің мәліметінше, 17 жастағы қазақстандық рейтингте он сатыға жоғары көтеріліп, қазір төртінші орында тұр. Ол мансабында алғаш рет ТОП-5 қатарына кірді.

Өткен маусымда Омарханов Пекинде өткен J300 турнирін жекелей және жұптық сында үш ірі жарысты, соның ішінде бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl турнирін жеңіп алды.

Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде Занғар Нұрланұлы да жоғарылады. 16 жастағы қазақстандық 38-орынға көтерілді (+36). 2024 жылы Нұрланұлы жекелей сында үш ірі титулды жеңіп алды: Измирдегі J100, Шымкенттегі J200 және Латвиядағы J100.

Дамир Жалғасбай ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 112-орында (+84). Дамир былтыр Краковта өткен турнирде жеңіске жетті.