Жаңалықтар

Ұлытауда жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

Ұлытау облысындағы тас жолда 4 қаңтар күні екі көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды arainfo.kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметнің мәліметінше, жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды

Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы оқиға орнында жұмыс істеп, апаттың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауда.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтауды тағы бір рет ескертті. Құқық қорғау органдары жолдағы қауіпсіздікті сақтау – әрбір жүргізушінің басты міндеті екенін еске салды.