Жамбыл жаңалықтары

Ардагерлерді ардақтау – парызымыз

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ардагерлермен кездесті. Аймақ басшысы 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды. Халықтың әл-ауқатын көтеру негізгі стратегиялық мақсат екенін айта келе, келесі жылы облысқа инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, ауылшаруашылығының әлеуетін арттыру және өзге де салалар бойынша мақсат-міндеттерді атап өтті.