Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 743 шетел азаматы еңбек етеді,деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту бойынша рұқсаттар бірнеше санатқа бөлінеді:
- 1-санат: Басшылар мен олардың орынбасарлары – 564 рұқсат.
- 2-санат: Құрылымдық бөлімшелердің басшылары – 2 585 рұқсат.
- 3-санат: Мамандар – 4 913 адам.
- 4-санат: Білікті жұмысшылар – 999 адам.
Маусымдық жұмыстар: 1 186 адам.
Корпоративтік ауыстыру аясында: 3 496 адам.
Қазіргі уақытта ШЖК пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар, оларда 388 мыңнан астам Қазақстан азаматы (жалпы қызметкерлер санының 96,5%) жұмыс істейді.
Салалар бойынша ШЖК саны:
- Құрылыс – 5 390 адам.
- Өңдеу өнеркәсібі – 1 455 адам.
- Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 355 адам.
- Әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 305 адам.
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 237 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
Қытай – 4 881 адам.
Өзбекстан – 1 273 адам.
Түркия – 1 203 адам.
Үндістан – 1 095 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын ШЖК тартуға квота белгілейді. 2024 жылға белгіленген жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің 0,23%-ын немесе 22 мың орынды құрады. Алайда, қараша айында бұл көрсеткіш 17,2 мың бірлікке дейін қысқартылған.