Мәдениет

Мәдениет – ұлттың айнасы

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады. Сондықтан да өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Бүгінгі таңда бұл бағытта өңірімізде нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Жалпы облысымызда 199 мәдениет үйі мен клуб, 275 кітапхана, 2 облыстық драма театр, облыстық филармония, 2 кинотеатр, 19 музей халықты рухани сусындатып келеді. Сол секілді облыстық халық шығармашылығы орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы, облыстық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығы және тілдерді оқыту орталығы тұрғындар игілігіне қызмет етуде.