Жамбыл жаңалықтары

Тиісті шешім қабылданды

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті.

Әуелі жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Тараз қаласында екі ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы қала әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұржан Бекежанов кеңінен баяндады.

Келесі кезекте қала әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөлігіне атау беру және қайта атау мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, шаһар тұрғындарының пікірін ескере отырып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес қалада жаңадан құрылатын екі ауданды «Әулиеата» және «Жібек жолы» деп атау жоспарланып отыр.

Жиында күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық қаралып, депутаттар тиісті шешім қабылдады.

Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы