Жаңалықтар

Жеке мектептерде оқитын аз қамтылған балаларға көмек көрсетіледі

ҚР Парламенті Сенаты білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды мақұлдады,деп хабарлайды arainfo.kz

Заң жобасында бес новелла ұсынылды, оның біреуі жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылар балаларына қатысты. Заң жобасы бойынша, мұндай балаларды ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мөлшерде қажетті мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету көзделген.

Биыл әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам бала мемлекеттен киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алу үшін қаржылай көмек алды. Көмек көрсету тетіктерін жақсарту мақсатында ата-аналардың есепшоттарына қаражат аудару механизмі енгізілген болатын. Көмек алу үшін ата-ана баласының оқитын мектебіне өтініш беруі қажет.