Атқарылған іс аз емес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік органдардың негізгі басымдықтарының бірі. Мемлекеттік органдар стратегиялық бағыттармен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша да кешенді шараларды жүйелі жүзеге асыруда. Бұл тұрғыда облыс бойынша қазынашылық департаменті тарапынан да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Қаржы саласында сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсынымдар жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2016 жылғы 13 қарашадағы №149 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары» жұмыс барысында қатаң сақталады.
Құрамында штатқа сай 132 мемлекеттік қызметкері бар департаменттің «2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары» бекітілген. Құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің бірінші басшылары жоспардың уақытылы орындалуына жауапты.
Жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары ретінде қазынашылық органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін болдырмау, департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері басшыларының жеке жауапкершілігін күшейту сынды шаралар қабылданған.
Департаменттің және аудандық қазынашылық басқармаларының барлық қызметшілері Қазақстан Республикасының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерін қабылдаған. Биыл департаментке және оның аудандық қазынашылық басқармаларына жұмысқа тағайындалған 5 жаңа қызметші де осы шектеулерді қабылдады.
Департамент басшысының 2024 жылғы 19 наурыздағы №23 бұйрығына сәйкес 2023-2024 жылдар бойынша мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бірқатар бағыт бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, нормативтік құқықтық актілердегі және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға басымдық берілді.
Сондай-ақ Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда департамент қызметкерлері және аудандық қазынашылық басқарма басшылары арасында ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалды талдауға арналған сауалнама жүргізу, семинарлар, техникалық оқытулар өткізу, азаматтарды қабылдау, консультациялық көмек көрсету сынды іс-шаралар атқарылды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары бойынша, мемлекеттік қызметшілер ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге тиіс. Басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге не оған жол бермеу жөнінде өзге де шараларды қабылдауы қажет. Сонымен қатар ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынуға, өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қараудың үлгісі болуға міндетті. Сол сияқты қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдік-психологиялық ахуал жасауға бағытталған шаралар қабылдауға талпынғаны абзал.
Сыбайлас жемқорлық және әдеп нормалары тақырыптарында БАҚ беттерінде 16 мақала жарық көріп, мекеменің ресми әлеуметтік желі парақшаларында ақпараттар жарияланады.
Департамент пен оған қарасты аудандық басқармаларда клиенттердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерін, департаменттің жауапты қызметкерлерімен тікелей байланыстарын болдырмайтын «Қазынашылық-клиент» жүйесі 99,1 пайыз іске қосылған.
Тұрақты негізде қателіктерді көп жіберетін мемлекеттік мекемелер арасында қайтарылатын құжаттардың санын азайту мақсатында 66 оқу семинары өткізілді.
Департаменттің барлық қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері уақытылы салық органына табыс декларациясын тапсырды.
Қазынашылық органдардың қызметкерлеріне теріс материалдарды БАҚ-қа жариялау, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша мониторинг жүргізіліп тұрады. Мониторинг нәтижесі орын алған олқылықтарды анықтамаған.
Персоналмен жұмыс істеу бөлімінде сенім телефоны, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін салатын жәшік орнатылған.
Лауазымды тұлғалар үшін нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салулар туралы жадынама әзірленіп, барлық қазынашылық басқармаларға таратылған.
Бос кездегі жұмыс уақыттары анти-әлеуметтік мінез-құлық сияқты тыйымдарды қамтиды. Қоғамдық орындарда мас күйде болған, қоғамдық мораль мен тәртіпті бұзатын, сондай-ақ басқа азаматтарды заңсыз әрекеттер жасауға тартқан жағдайлар біздің салада анықталмаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған осындай жүйелі жұмыстар одан әрі жалғасын таба бермек.
Нұрдос ТОЙБАЕВ,
облыс бойынша
қазынашылық департаментінің басшысы