Желтоқсан жалыны жүректен өшпейді
Биыл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына – 38 жыл. Тарих үшін бұл қас қағым сәт, ал сол бір зұлмат күндері алаңға шыққан қалың қазақтың есінде мәңгі қалған күн. Осы оқиғаның куәсі болып, басы-қасында жүрген қордайлық желтоқсаншылар да сексен алтының қатігездікке толы қаһарлы қысын ұмытпаған. Бүгін сол азаматтардың бірі – Ерсін Иманқұловпен тілдесіп, өткен күннің өнегесі мен бейбіт таңның бағасы жайлы сұраудың реті келіп отыр.
1986 жылдың ызғарлы қысы кейіпкеріміздің санасында өшпестей із қалдырған. Ол кезде Ерсін Болатқанұлы Қазақ мемлекеттік денешынықтыру институтының студенті болатын.
Ерсін аға бір жылға академиялық демалыс алып, жараланған тізесін емдеткен соң оқуын жалғастырған екен. Оны 1990 жылы аяқтап, Тараз технологиялық институтына жұмысқа орналасады. 22 жыл студенттерге сабақ беріп, 2012 жылы Қордай ауданына көшіп келген Ерсін Иманқұлов бүгінде №2 спорт мектебінде волейболшы қыз-жігіттерді дайындайтын бапкер.
Сәуле МҰХАДИНҚЫЗЫ,
журналист,
Қордай ауданы