Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы
Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдік адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің тікелей ықпалымен қызметтік әдеп нормаларының сақталуына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз етуге байланысты жеке құраммен түрлі семинар-жиналыстар өткізіліп отырады.
Біз, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері активтердің түгелдігін қамтамасыз етуге және қызметтік міндеттерді атқару үшін сеніп тапсырылған, материалдық-техникалық ресурстарды (мүлік, көлік, жабдықтар, кеңсе заттары және тағы басқалары) күтіп ұстауға міндеттіміз. Бізге сеніп жүктелген ресурстарды барынша ұтымды және тек қызметтік мақсатта тиімділік пен үнемділік қағидаттарына сәйкес пайдалануымыз керек. Басқа тұлғаларға да заңсыз іс-әрекеттерді жасауға мейлінше тосқауыл қоюымыз қажет. Біз өз тарапымыздан қазынаның мүлкін үнемді, тиімді пайдаланып та мемлекетке орасан зор пайда әкелуге толық мүмкіндігіміз бар. Қандай болғанда да мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтауға қалыптасуы, Әдеп кодексін оқып, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек. Осы ретте ұжым арасындағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында Әдеп уәкілінің бекітілген жұмыс жоспарындағы реттілігі бойынша әр тоқсан сайын анонимді сауалнама жүргізіліп отырады. Соның қорытындысы бойынша қызметкерлердің арасындағы, қызметкер мен басшылардың арасындағы қарым-қатынас, сенімділік, әдеп нормаларын сақтау жағдайлары талқыланып, қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару қажеттігіне нақты кеңестер беріледі. Осындай көпшілікпен жасалатын жұмыс ұжым арасындағы өзара қызметтік ынтымақтастықты нығайтуға, қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және ұжымды қызмет барысында ортақ мақсаттарға жетуге біріктіреді.
Заңғар НҰРҒАЛИ,
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің
облыс бойынша департаментінің
бас маманы