Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция мен ТЖМ күшейтілген режимге көшеді,деп хабарлайды arainfo.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қызметінің күшейтілген режимге өтетінін хабарлады.
Сондай-ақ, 14 желтоқсаннан бастап Төтенше жағдайлар қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істейтіні белгілі болды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік шаралардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шаралары ерекше бақылауға алынбақ.