Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшісін ауыстырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 12 желтоқсанда Қазақстанның Жапониядағы елшісін ауыстырды, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды,-делінген жарлықта.