Жаңалықтар

Қазақстандық мектептерде жаңа қызмет құрылымы енгізілмек

ҚР Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған «100 медиативті мектеп» жобасын іске қосуда,деп хабарлайды arainfo.kz

Бастама шеңберінде еліміздің барлық мектептерінде қақтығыстарды тиімді шешуге және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алуға ықпал ететін мектеп медиациясы қызметтері жұмыс атқара бастайды.

Медиация қызметінің жұмысын біріздендіру үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арнайы әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Бұл құжаттар мектеп медиациясын ұйымдастыруға қажетті теориялық және практикалық материалдарды қамтып, білім беру ұйымдарында медиативтік тәсілдерді енгізудің негізін қалайды.

Медиация қызметіне жоғары сынып оқушылары, педагогтер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестердің және аға ұрпақ өкілдері қатысады.