Тексеріс нәтижесі баяндалды
Кеше облыс бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда екі мәселе қаралды. Жиынды тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Бағлан Дүрімбетов ашып, жүргізді.
Жиында алдымен облыс бойынша тексеру комиссиясының бас аудиторы Парида Байназарова «Жергілікті деңгейде ішкі және жастар саясатын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын бекіту» туралы баяндама жасады. Баяндамада ол бірқатар мекемеге жүргізілген аудиторлық тексерістің нәтижесі туралы айтты.
Мұнан соң облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Өскембаева да есеп берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Сарысу ауданы бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы» баяндалды.
«AR-AI»-ақпарат