Талғар маңынан Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды
Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған. Тергеу барысында оның биыл 4 қазанда қайтыс болған кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Полицияның хабарлауынша, оқиғада қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер табылған жоқ.
Сонымен қатар, полиция марқұм Шерзат Полаттың отбасының үнемі қорғауда болғанын атап өтті.
«Осы уақытқа дейін отбасы мүшелеріне ешқандай қауіп-қатер төнбеген. Қорғауға жауапты қызметкерлердің хабарлауынша, ер адам 23:30 шамасында күзетілетін нысаннан шығып, жеке көлігімен кетіп қалған», – делінген ресми хабарламада.