Күйеу бала
– Апа, апа-ау.
– Ау.
– Күйеу баланы көрсет,
Көрсет деп қоймаушы едіңіз.
– Иә.
– Міне күйеу балаңыз.
– Ойбу, ойбу.
Бетім-ай.
Қай бетімді айтайын?!
– Не болды сонша,
Адам көрмегендей.
– Әй мынауың адам емес,
Негр ғой.
Қап-қара көмір ғой.
– Ой апа сіз де,
Бұл өзі қара болса да жүрегі ақ.
Пейілі пәк.
– Бір қазақ табылмады ма?
– Қандай қазақ?
– Жүр ғой, әне,
Қарабайдың баласы Қорабай.
Көңілі оның да даладай.
– Фу, сіз де.
Қорабайыңыз әйтеуір тірі жан ғой.
Қой соңында жүрген мал ғой.
– Ә, әй.
«Мал-жаның аман ба!» деп
Ең бірінші малдың жайын сұрайтын
атаң қазаққа тіл тигізбе.
Білдің бе!
Жарайды, анау, Қоңқабай ше?
– Қай Қоңқабай?
– Бұрынғы брігәдірдің баласын айтам.
– А, ол бич қой.
Не үйі, не күйі жоқ.
Жүрген бір шарамыга.
Оданша қара мұнда.
Мына қара балаңыз – қара маржан.
Қызықпайды дүниеге арзан..
Қалтасы толған доллар!
– Долбарың не?
– Долбар емес, доллар – ақша!
– Ақша?
– Иә, ақша.
Америкалық теңге ғой –қазақша!
Қазір сізге де береді.
Өйткені мені жақсы көреді.
– Ал қазақтарды ше?
– Қазақ десе өледі.
Жарайды, апа, маған сеніңіз,
Батаңызды беріңіз.
– Қалтасындағы шақшасын да,
ақшасын да көргем жоқ қой.
– Міне, міне...
– О-о-о. Көп қой.
– Бәрі сіздікі.
Бізге керек бір той.
– Ой, оны қатырамыз ғой.
Өзіміз қолдан ұзатып,
Құдаларды да шақырамыз ғой.
Қазақтың ырым-жырымын,
Мынауыңа түсіндіріп қой.
Ең бастысы – көк қағаз.
Сонда болмайды араз.
Өзі де келіскен екен,
Ерні дүрдиген сабаз.
PS: Міне, осылайша Қазақ қыздарының қалыңмалы өсіп жатыр. Еуропаны қойып, Африкаға да кетіп жатыр.
Бақытжан СОВЕТҰЛЫ
Қазақстан Жазушылар және Журналистер
одағының мүшесі, сатирик-ақын